Кәсіби әнші бола тұра Аманғалиден төмен айттың: Әділқазыдан сын естіген Жұлдыз Өмірғали жылап қалды (видео)

Жұлдыз Өмірғали әділқазы алқасынан сын естіді. Отандық жарыста сынға түскен әнші сын естіп тынды. Әншінің көңіл-күйі түсіп, сахна сыртында жылап қалды. 

Отандық әншілер мен әртістер жұптасып "Егіз лебіз" жобасында өнер көрсетуде. Жарыста актер Аманғали Сыпабеков пен Жұлдыз Өмірғали де жұп болды. Қос өнерпаз бірде әділқазы тарапынан сын естісе, бірде мақтау алды. Соңғы орындаудағы Жұлдыз Өмірғалидің өнері Толқын Забирова мен Майра Ілиясоваға мүлде ұнамады.

Жұлдыз Өмірғали мен Аманғали Сыпабеков "Екі жұлдыз" әнін орындап, сахнаға ретро стильде шықты. Әнге сай қысқа қойылым көрсетті. Мұның бәрі әділқазылардың көңілінен шыққанымен, Жұлдыз орындау шеберігінен төмен баға алды. 

"Жұлдыз, сен өте әдемісің. Сахнаға сен секілді әншілер керек. Сахна әдімілікті жақсы көреді. Бірақ сен кәсіби әнші бола тұра әнді таза айтпадың. Менің ең жек көретінім - әншілердің әнді таза айтпауы. Сенің тіпті даусың естілмеді. Аманғали бұл жарыстағы селебрити болса, сен кәсіби әншісің. Бірақ даусың Аманғалиден төмен болды. Екеуің жақсы айта ма деп күтіп едім, өкінішке қарай олай болмады", - деді Забирова. 

Бұл сөзді Майра Ілиясова қостады. 

"Аманғали даусы жетпеген жерді ойнатып әкетті. Оның өзі өнер. Ал Жұлдыздың фальштары көп болды. Жалпы, қойылымдары, киімдері жақсы. Бірақ ән айту жағы дұрыс болмады. Бұл ең ауыр, күрделі ән. Дегенмен біз жақсы ән күттік", - деді Майра ханым. 

Ал Тұңғышбай Жаманқұлов әртістердің әртістік өнерін, қойылымын жақсы бағалады. 

Сын естіген Жұлдыз Өмірғали сахна сыртында жылап қалды.

"Халықтан кешірім сұраймын. Бәрі менің кінәмнан болды. Бізді қолдаңыздаршы. Дауыс беріңіздерші", - деді әнші. 

Жұлдыз Өмірғалидің айтуынша, даусы әлі де ашылмай келеді. Ол енді ғана қорқынышты жеңіп, ән айтып, мінезін өзгерткен.

"Менің әкем өте қатал болды. Әкемнен қорқып, әжемнен қорқып өстім. Ән айтып жүргенде "жап аузыңды" деп ұрсатын. Содан болар менде қорқыныш бар. Даусымды қатты шығарып ән айта алмаймын. Енді ғана үйреніп, қорқынышты жеңіп жүрмін. Менің бір түсінгенім, біреу үшін емес, бәрін өзің үшін істеу керек екен. Біреуден қорқып өмір сүрмеу керек екен", - деді Өмірғали. 


Әселмен 4 жыл бұрын бірге тұрған, Жұлдызбен 5 жылдығын тойлап жатыр: Желі қолданушылары Айқынды айыптады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр