Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Төлендиев қызын ұзатты

Отандық танымал актер, әзілкеш Нұржан Төлендиев қызын қияға қондырып, қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қадірлі халайық, тойшыл қауым, құда-жекжаттар, ағайын-туыстар! “Адамның бір қызығы бала деген” дана сөз бүгін бәріміздің басымызды тойда қосып отыр. Қызымыз өрісін тапты, “құда-жекжатты болып жатырмыз, немереміздің тойында отырамыз” деп анасы екеуміз қуанып жатырмыз.
Әке жүрегі қимайды, қызғанады, алаңдайды, бірақ жастардың келешегі бақытты болады деген сенім бізді марқайтады. Адам ұрпағымен жасайды, ұрпақты болыңдар, айналайын”, – деп Қорлан қызына ақ тілегін арнады.

Әзілкеш үйінде жақындарының басын қосып, дүркіретіп той жасады. Қазақтың салт-дәстүрімен қызын ұзатып, әкелік ақылын айтты:

“Мінекей, енді бой түзеп, еркелей өскен өз еліңнен қалықтап ұшып, жүрек қалауыңмен арыстай азаматтың еліне қонғалы отырсың. Барған жеріңде бағың ашылсын. Тастай батып, судай сің. Еріңнің туы, еліңнің нуы бол. Бұдан былай саған бір әулеттің жауапкершілігі жүктеледі. Парасаттылықпен сол сенімді ақтағайсың”, – деп жазды Нұржан.

Бұған дейін өнер иесі ұзату тойға дайындалып жатқанын айтқан болатын.

 

Талқылау