Нұржан Керменбаев: Қызым дүниеге келген соң, әйеліме деген көзқарасым өзгерді
Жақында көп балалы әке атанған Нұржан Керменбаев үйленгелі қалай өзгергенін айтты. Ол әсіресе қызды болған соң, әйеліне деген көзқарасының өзгергенін түсіндірді. Керменбаев жаңа "Түнгі студия" бағдарламасының қонағы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде Керменбаев – үш ұл, бір қыздың әкесі. Жалғыз бұрымдысы Тасним – үйдегі үшінші перзент. Айтуынша, өмірге деген көзқарасын өзгерткен де осы қызы.
"Негізі эгоистпіз ғой. Қызым дүниеге келгеннен кейін, әйелдер қауымына деген көзқарасым өзгерді. Өзімнің әйеліме басқаша қарай бастадым. Өйткені мынадай қағида бар. Ертең қызыңның біреуге күйеуге шығатынын білесің. Ертең оның күйеуі жақсы болсын десең, сен оған жақсы әке болу керексің. Ол ертең әкесіне, отбасындағы құндылықтарға қарап отырып күйеуін таңдайды. Сондықтан мен дұрыс әке болып, оның дұрыс күйеу таңдауына себепкер болу керекпін. Анасын құрметтеуім керек деген сияқты дүниелерді ойлана бастадым", – деп ағынан жарылды Керменбаев.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен