Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған әйел Нұр-Сұлтаннан екі пойызбен келген

Түркістан облысында коронавирусты инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"COVID-19 Жетісай ауданының тұрғынынан анықталды. Мәліметтерге сәйкес, әйелдің 27 наурызда дене қызуы жоғарылаған. 30 наурызда ол Жетісай орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды", - деп түсіндірді ол.

Сәкен Қалқамановтың айтуынша, науқав 21 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан Қарағанды-Павлодар бағыты бойынша пойызбен Қарағандыға келген.

"Вокзалда алты сағат күткеннен кейін 22 наурызда ол Петропавл-Қызылорда пойызына отырған. 23 наурызда пойыз Шымкент қаласына келген. Одан әрі жеке автокөлігімен Жетісай қаласына жол жүрген", - деп атап өтті әкім орынбасары.

Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған әйлдің 16 адаммен байланыста болғаны анықталды. Олардың ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Жетісай қаласында тағы 11 адам бар. Басқа да байланыстар,  оның ішінде пойыз жолаушылары анықталып жатыр.

Талқылау