"Нұр-Сұлтандағы LRT бағандарын бұзып жатыр": Желідегі ақпаратқа қатысты CTS компаниясы пікір білдірді
Нұр-Сұлтан қаласында құрылысы басталып, аяқсыз қалған LRT бағандарын бұзып жатыр деген ақпарат – жалған. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының ресми өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін әлеуметтік желілерде "LRT конструкцияларын бұзып жатыр" деген видео кең тарап кетті. Осыған орай таралған видеоның өткен жылы түсірілгенін ресми түрде хабарлаймыз. Аталған бейнежазбада қытайлық консорциум жалдаған техниканың жұмысы бейнеленген. Бұл техника құрылысқа қажет бөренелерге арналған технологиялық негізді (алаңды) талдау үшін жалданған. Елордада LRT құрылысын демонтаждау бойынша ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ", – деді аталған компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаева.
Былтыр CTS компаниясы LRT құрылысының алаңында құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық басталғанын хабарлаған еді.
Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT жобасының бастапқыда қате басталғанын мәлімдеген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар