Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір түнде екі рет жер сілкінді: Қытайдағы дүмпулерді Қазақстан тіркеді

Жер сілкінісі
Фото: istockphoto.com

Қытайда бір кеште екі рет жер сілкінді. Жер асты дүмпулерін Қазақстандық сейсмологтар тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сенбі күні кешке Қытай аумағында шамамен бір жарым сағат аралықпен екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерін Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы тіркеді.

Бірінші жер сілкінісі Астана уақытымен 20:54-те болған. Магнитудасы – 4,4, ошағы 24 шақырым тереңдікте орналасқан. Екінші дүмпу 22:22-де тіркеліп, магнитудасы 4,3 болды.

Айта кетейік, 18 қыркүйекте де Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қытай аумағында магнитудасы 4,3 болатын екі жер сілкінісін тіркеген. Қазақстан аумағында зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін 24 тамызда Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелген. Дүмпу Үлкен-Нарын ауылында шамамен 2 балл сезілген. Тексеру барысында қирау мен зақымдану анықталмай, зардап шеккендер болмаған.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 20 Қыркүйек, 2026 08:35