Жаңбыр, бұршақ және жел: 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
“Қазгидромет” 20 қыркүйекке Қазақстан бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазгидромет” болжамынша, Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы және дауылды жел соғуы мүмкін.
Батыс пен солтүстік өңірлерде жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең еліміздің батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Өрт қаупі жоғары
- Павлодар және Қарағанды облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында;
- Ақмола облысының оңтүстігі, солтүстігі, шығысы мен орталығында;
- Солтүстік Қазақстан облысының шығысында;
- Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында және Алматы облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Өрт қаупі өте жоғары
- Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында;
- Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында;
- Атырау облысының оңтүстігінде; Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында;
- Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында;
- Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде;
- Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстігі, шығысы мен орталығында өрт қаупі өте жоғары деп болжанып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2026 жылдың жазы ең ыстық маусым деп танылғаны туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
