Қазақстанның сегіз қаласында ауа ластанады: Тұрғындай қалай қорғануы керек?
19 қыркүйекте Алматы мен Қазақстанның тағы жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазгидромет” болжамынша, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында, ал түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.
“Қолайсыз метеорологиялық жағдай жел болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман және температуралық инверсия сынды құбылыстар қатар келген кезде қалыптасады. Мұндай кезде зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып, ауа сапасының нашарлауы мүмкін”, – делінген хабарламада.
Синоптиктер мұндай кезеңдерде ауаның ластануы адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертеді. Әсіресе созылмалы ауруы бар адамдарға сақ болған жөн.
Ауадағы ластану деңгейіне желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы әсер етеді.
Қандай сақтық шаралары керек?
Тұрғындарға далада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт жүрмеуге кеңес беріледі. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендемеген жхөн.
Тыныс алу және жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиясы бар жандарға қажет дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады. Мамандар далада көп серуендеуді шектеп, мүмкіндігінше жаттығуларды жабық ғимаратта жасауды ұсынады.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау тұрғындары соңғы күндері қаладағы өткір жағымсыз иіс пен ауаның ауырлағанына шағымданып жатқаны туралы жазған едік.
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
