Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 200-ге жуық шошқа дала кезіп кетті

доңыз
Фото: Видеодан скрин/ЖИ

Қарағанды облысында 193 шошқа тиелген жүк көлігі аударылып, жануарлар даланы кезіп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға туралы куәгерлер әлеуметтік желіде жазды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 қыркүйек күні таңертең Астана – Қарағанды тасжолының 188-шақырымында, Теміртау жол өткелі маңында болған.

Мәліметке сәйкес, 39 жастағы Scania жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан жүк көлігі тіркемесімен бірге аударылған. Жүк көлігінде Көкшетаудан Ташкентке тасымалданып бара жатқан 193 шошқа болған. Апаттан кейін жануарлар тіркемеден шығып, далаға қашып кеткен.

Жол апатынан адамдар зардап шеккен жоқ. Полиция оқиға орнында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қосымша қауіптердің алдын алу шаралары жүріп жатқанын хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыдағы жануарлар панасынан түсірілген видео жұртты шошытқаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 19 Қыркүйек, 2026 14:24