Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда каналдан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

сәби
Фото: Видеодан скрин

Таразда қала шетіндегі шағынаудандардың біріндегі каналдан өлі сәби табылды. Нәрестенің денесі судың ішінен шыққан. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өлі нәрестені маңайда ойнап жүрген балалар алғаш болып байқап қалған. Олар бастапқыда суда жатқан затты қуыршақ деп ойлаған. Алайда оның шын мәнінде жаңа туған сәби екені анықталған.

Мәліметке сәйкес, нәрестенің кіндік бауы да кесілмеген. Қазір полиция баланың анасын іздеп жатыр.

“Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасының жеке басын анықтау үшін барлық қажет жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр”, – делінген жауапта.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылғаны туралы жазған едік. Алдын ала мәлімет бойынша, табылған сәби қыз бала. Дәрігерлердің айтуынша, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жамбыл облысы полиция департаменті жаңа туған сәбиді қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 19 Қыркүйек, 2026 11:33