Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел ұсталды
Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған сәбидің анасы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қордай ауданында Гвардейский гарнизоны аумағындағы қоқыс контейнеріне жаңа туған сәбиін тастап кеткен күдікті әйел анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
"Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында жаңа туған сәбиді қауіпті жерде қалдырған күдікті әйел қысқа мерзім ішінде анықталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, өз кінәсін мойындады. Жан-жақты әрі толық тергеу нәтижесінде тиісті процестік шешім қабылданады", – делінген полиция хабарламасында.
Полиция қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылғаны туралы жазған едік. Алдын ала мәлімет бойынша, табылған сәби қыз бала. Дәрігерлердің айтуынша, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жамбыл облысы полиция департаменті жаңа туған сәбиді қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазақстанда жалдамалы пәтер бағалары шарықтады: Маман оған не себеп болғанын айтты
Екі бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау ақысы 19 қалада көбейді
Елдегі жалғыз ұлттық мектеп оқу жылын директорсыз бастады: Ұжым білім ордасында мәселенің шешілмей жатқанына наразы
“Абай ұлттық мектебі” – елде ұлттық дәрежесін алған жалғыз білім ордасы