Қазақстанда 2026 жылдың жазы ең ыстық маусым деп танылды
Қазақстанда 2026 жылдың жазы ауа райын бақылау тарихындағы ең ыстық маусым ретінде тіркелді. Маусымдағы орташа температура климаттық нормадан екі градустан астам жоғары болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаздың қорытындысын “Қазгидромет” мамандары жариялады. Ақмола, Қарағанды, Павлодар және еліміздің шығыс облыстарында жазда ауа температурасының әдеттегіден жоғары болған.
Қарағанды облысындағы Бес-Оба метеостанциясында температура климаттық нормадан жоғары тіркелген. Мұнда көрсеткіш қалыпты деңгейден төрт градусқа жоғары болған.
Биыл жаз жауын-шашын мөлшерімен де ерекшеленді. Алайда бұл жолы жауын-шашын әдеттегіден аз түскен.
“Жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 7,12 миллиметрге аз болды. 2026 жылдың жазы Қазақстан аумағында жауын-шашынның біркелкі түспеуімен есте қалды”, – делінген "Қазгидромет" жауабында.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 балды қалай алғанын айтып берді
Ол тестті алғаш рет университетке түсу үшін тапсырып, 7.0 балл алған
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады
