Иран АҚШ-пен келіссөз бастауға жеті шарт қойды
Иран АҚШ-пен кез келген келіссөзді бастау үшін жеті шарт ұсынған. Тегеран талаптарын Катар арқылы Вашингтонға жеткізіп, енді Дональд Трамптың жауабын күтіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаидің айтуынша, Тегеран Вашингтонмен кез келген келіссөзді бастау үшін АҚШ-қа жеті шарт ұсынған. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазды.
Резаи Иранның талаптарын Катар арқылы АҚШ тарапына жеткізгенін мәлімдеді. Қазір Тегеран АҚШ президенті Дональд Трамптың жауабын күтіп отыр.
Резаидің айтуынша, негізгі талаптардың қатарында:
- барлық майдандағы соғысты тоқтату;
- Иранның бұғатталған активтерін босату;
- әскери-теңіз блокадасын тоқтату бар.
"Вашингтон үшін бұл шарттарды қабылдау тиімді. Трамптың қоқан-лоқысы еш нәтиже бермейді. Біз шешуші соғысқа дайынбыз", – деді Резаи.
Ол Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне биыл тамыз айында тағайындалған.
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерді қайта бастауға Катар мен Пәкістан делдалдық жасап жатыр. Тараптар арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның мерзімі өткен айда аяқталған.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ қаржы министрлігінің санкциялар тізімінде Иранның Mahan Air әуе компаниясы бар. Америкалық тараптың мәліметінше, компания санкцияларға қарамастан халықаралық рейстерін жалғастырып, Иранға авиациялық бөлшектер мен технологияларды жеткізу схемаларына қатысқан. Қазақстандық "Тур Инвест" компаниясы Mahan Air-дің Қазақстандағы жергілікті сату агенті болғаны үшін АҚШ санкцияларының тәуекел аймағына енгізілді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
