Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев LRT жайлы: Жемқорлықтың иісі аңқып тұрған жоба

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT жобасының бастапқыда қате басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының айтуынша, LRT еліміздің беделіне нұқсан келтіретін жобаға айналған. Алайда оны бұзған жағдайда, уақыт пен қаржы шығынына апаратынын атап өтті. Сондықтан жобаға қатысты оңтайлы шешім қабылдау қажеттігін айтты.

 "Бұл  әдеттегі инфраструктуралық жобадан еліміздің беделіне нұқсан келтіретін жобаға айналды. Бұған дейін көп қаржы бөлінді, шетелдік серіктертермен бірге келісімшарт бекітілді.  

Бұл жоба бастапқыда қате басталды. Мұны мойындау керек. Жемқорлықтың иісі аңқып тұрған жоба. Енді оңтайлы шешім қабылдауымыз қажет. Себебі оны бұзу – уақыт пен қаржы шығынына алып келеді. Бізде басқа амал жоқ. Осы жобаны қолданысқа енгізетін мүмкіндіктерді қарастыратын отандық және шетелдік архитекторларды шақыру қажет", – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ президент "Самұрық-Қазына" қорын реформалау туралы сөз етті. 

"Оны жасай алмасақ, оның экономикамызға қажеті жоқ", –  деп мәлімдеді Тоқаев. 

"Самұрық-Қазына" қорының сатып алуларына қатысты шағымдар жиі келіп түседі. Қордың активі жалпы ішкі өнімнің 60 пайызына жуығын құрайды. Бірақ қор ұлттық байлықты арттырды ма? Қордың үлкен жалақы алатын басшылары, қызметкерлері немен айналысады? Квазимемлекттік секторды түбегейлі өзгертуді тапсырамын. Егер оны реформалай алмасақ, ондай қордың біздің экономикамызда болмағаны дұрыс", – деді

мемлекет басшысы Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде.

Талқылау