Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы алапат өрт сөндірілді: Құтқарушылар өрттің алдын ала себебін атады

Нұр-Сұлтан қаласында Талдыкөл маңында тұтанған дала өрті сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өрт

"20 маусым күні сағат 15.03-те "101" пультіне Есіл ауданындағы Қорғалжын тасжолының бойында қураған шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ашық аумақта қамыс пен қураған шөп жанып жатқанын анықтады. Елордалық өрт сөндірушілер қызыл жалынмен екі тәулік бойы арпалысты. Өрт ошағына ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағы 27 рет су төкті (81 тонна)”, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Өрт 21 маусымда 18.53-те оқшауландырылып, 22 маусымда сағат 05.55-те толығымен жойылды. Өрттің шығуының алдын ала себебі отты абайсыз қолдану болуы мүмкін. 

“Жалынмен күреске 86 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп қосты министрлік. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұтан маңында қамыс өртенгені туралы хабарлаған едік. Өртті сөндіру үшін "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 ұшағы да жұмылдырылған. 

Талқылау