Нұр-Сұлтан маңында алапат өрт шықты: Тілсіз жауды ауыздықтауға тікұшақ тартылды (видео)
Нұр-Сұлтанда кешеден бері қамыс өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ-тың МИ-8 тікұшағы тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өрт кеше, 20 маусым түскі үштер шамасында басталды. Қорғалжын тас жолы бойында, Үлкен Талдыкөл көлінің ауданында қамыс өртенген.
"Қолжетімділігі қиын сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді. "Астана Орманы" МКК күшімен өрт периметрі бойынша жер жыртылды. Өрттің "Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне" таралу қаупі жоқ", - деді ведомстводағылар.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 122 адамы, 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды.
Ал бүгін, 21 маусым сағат 08.09-да Нұр-Сұлтан аэродромынан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы ұшып кетті.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды