Нұр-Сұлтандағы тағы 7 жаңа науқас: Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 44 адамға жетті
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқпасының тағы 7 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, жалпы 44 науқас тіркелді", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Еске салайық, бұған дейін Ресейлік азаматтың Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны айтылған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады