Алматыда коронавирусқа шалдыққан 37-ші науқас Ресей азаматы болып шықты
Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған 37-ші адам Ресей азаматы екендігі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
«Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Ол 1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Ол Алматы қаласына 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген болатын. Қазір ол карантинде стационарда жатыр. Денсаулығы жақсы», - деді министрлік өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 37-ге артқаны айтылған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады