Нұр-Сұлтанда жасөспірім жетінші қабаттан құлай жаздаған бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)
Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірім жігіт жетінші қабаттан құлай жаздаған бүлдіршінді құтқарып қалды. Желіде оқиға орнында түсірілген кадрлар тарады. Куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүлдіршінді 17 жастағы жасөспірім жігіт құтқарған. Көп балалы отбасынан шыққан жігіт өз өмірін қауіпке тікті. Жігіттің бір терезеден екінші терезеге өтіп, москит торын шешіп алған сәтін кадрдан көруге болады. Ол мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндірді.
"Болашақта менің де балаларым болса, оларға біреу көмектессе жақсы деп ойлаймын", – деді ол.
Еске салсақ, Сәбит Шонтақбаев 11 мамыр күні досы Сағи Жылқышиевпен бірге сегізінші қабаттың балконында ілініп тұрған үш жасар қызды құтқарды. Осыдан соң отандық құрылыс компаниясы Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер сыйлады.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма