Нұр-Сұлтанда құлап бара жатқан қызды аман алып қалған ер адамға пәтер берілді
Сегізінші қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер табысталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәбит Шонтақпаев өзіне үй сыйлаған "G-парк" компаниясының басшылығына алғысын білдірді.
"Бұлай болады деп ешкім ойламаған. G-Park компаниясының директоры Ғабит мырзаға алғысым шексіз. Осы астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлап жатыр. Рахмет!" - деді ол.
Еске салсақ, осыған дейін Нұр-Сұлтанда ер адам жоғарғы қабаттан құлап бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалған.
Қала әкімі Сәбит Шонтақбаевқа несие алуға және жұмысқа тұруға көмек берілетінін айтқан еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады