Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен сияқты иттің арқасында көрмегеніміз жоқ": Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі қазақ тілінде сөйлей алмаған әйелді өлтіремін деп қорқытқан

Елорда тұрғыны қазақ тілін нашар білгені үшін өзіне такси жүргізушісі қоқан-лоқы көрсетіп, балағаттағынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram желісіндегі жарық көрген видеодан жүргізушінің жолаушыны балағаттап, ол сияқты адамдарды "иттің етінен де жек көремін" деп айқайлайды. 

Жолаушы қыз полиция шақырамын десе де  жүргізуші алған бетінен қайтпаған. Әзірге оқиғаның соңы немен аяқталғаны белгісіз. 

"Яндекс Go" компаниясы жүргізушімен байланысқа шығып, оны жүйеден шеттеткенін мәлімдеді. 

"Агрессияға бой беретін адамдар қызмет көрсету саласында жұмыс істей алмайды деп санаймыз. Сол себепті жүргізушіге жүйеде тапсырыс алуға шек қойылды", - дейді компания өкілі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы жүргізушінің үстінен арыз түскенін растап, іс қарауға жіберілетінін жеткізді. 

Ескерту: Видеода балағат сөздер айтылады

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр