Нұр-Сұлтанда лифт ішінде дәрет сындырған 22 жастағы қыз ұсталды
Нұр-Сұлтанда лифт ішіндегі бейне бақылау камерасына қыздың лифт ішінде дәрет сындырған сәті түсіп қалған. Тексеріс нәтижесінде астаналық полицейлер қызды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Қабанбай батыр даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Анықталғандай, жігіт құрбысымен бірге "Комфорт Де Люкс" кешеніне "испаниялық чизкейк" тапсырысын жеткізіп жүрген. Осы кезде қыз лифт ішінде дәрет сындырған.
Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған.
Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен қоғамдық тәртіпті бұзған қыз 10 күнге қамауға алынды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады