Нұр-Сұлтанда ер адам кешкі серуеннен үйіне кіріп бара жатқан мүгедек қызды зорлаған
Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы "Мисон" тұрғын үй кешенінде ер адам мүгедек қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желіде оқиға куәгерлері түсірген видео тарады. Олардың айтуынша, 40-50 жас шамасындағы ер адам тұрғын үй кіреберісінде мүгедек қызды зорлаған.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұған қатысты түсініктеме берді.
“8 тамыз сағат 20&42-де "102" нөміріне тұрғын үй кіреберісінде қыз зорланғаны туралы ақпарат түсті. 29 жастағы қыз тұрғын үй ауласында серуендегеннен кейін кіреберіске кірген. Сол кезде екінші қабатта оны белгісіз ер адам зорлаған", – делінген хабарламада.
Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды сол арада ұстаған.
Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді