Нұр-Сұлтан тұрғыны кішкентай ұлының көзінше сән салоны қызметкерін ұрып жіберді
Елордада ер адам кішкентай ұлының көзінше сән салоны қызметкеріне қол жұмсады. Ыңғайсыз сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тарауда, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 жастағы шаштараз өзіне қол жұмсаған азаматтың үстінен шағым түсірген.
"22 жастағы шаштараздың айтуынша, клиент өзі жазылған уақыттан бұрын келіп, ұлының шашын алып беруді өтінген. Қызметкерлер ғимарат ішін жинастыру қажеттігін айтқан. Ер адам қызметкерлерге тіл тигізіп, шағым түсірушіге зақым келтірген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарланды ПД баспасөз қызметінен.
34 жастағы ер адамның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша іс қозғалды.
Ауданаралық мамандандырылған сот құқық бұзушыны айыппұл төлеуге міндеттеді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"