Қарағандыда бойжеткенді пойыз қағып кетті
Қарағандыда бойжеткен пойыздың астына түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 10 сәуірде Сортировочная-Құлайғыр учаскесінде болған. Қыз жүк пойызының алдындағы жолға жүгіріп шыққан.
Машинист тежегішті шұғыл іске қосқанымен, қашықтықтың тым қысқалығынан құрамды тоқтату мүмкін болмады.
Қыздың жеке басы анықталды. Оның жасы 18-де.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пойызды бірден тоқтату мүмкін еместігін еске салады. Жылдамдығы сағатына 80 км кезінде машинистің тежегішті шұғыл қолданғанымен, пойызды тежеу жолы кемінде 900 метрді құрайды", - делінген хабарламада.
Компания марқұмның жақындарына көңіл айтты
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"