Қазақстан қызмет көрсету нарығын халықаралық талаптарға сәйкестендірмек
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) қызмет көрсету саласын реттеуге арналған жаңа қағидаларына қосылмақ. Өзгерістен кейін лицензия алу мен рұқсат рәсімдерін ашық ету, бизнестің жұмысын жеңілдетуге жол ашылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс Қазақстанның ДСҰ-ның қызмет көрсету саласын ішкі реттеу жөніндегі қағидаларына қосылуын мақұлдады.
Енді қызмет көрсету саласында бизнес жүргізуге қойылатын талаптар барынша ашық әрі түсінікті болуы керек. Мысалы, лицензия алу, белгілі бір талаптарға сай болу және қажетті рәсімдерден өту тәртібі нақты әрі болжамды болады.
Қазақстан ДСҰ-ға 2015 жылы қосылған. Сол кезде елдің тауарлар мен қызметтер нарығына қатысты міндеттемелері бекітілген еді.
Биліктің айтуынша, осы арқылы отандық және шетелдік компанияларға бірдей түсінікті жағдай жасауға, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қызмет көрсету нарығын ашық етуге көмектеседі.
Қағидалар ДСҰ-ға мүше 60 елдің қатысуымен әзірленген. Қазақстан да бұл жұмысқа қатысқан. Келіссөздер 2021 жылы аяқталған. Қазір аталған қағидаларға 72 ел қосылған.
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2035 жылға дейін темекі, алкоголь және қантты сусын бағасын 50%-ға көтеруді ұсынды. Бұл қадам халық денсаулығын жақсартуға және өлім-жітімді азайтуға бағытталған. Бағаның өсуі 50 жылда 50 миллион адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Ал Қазақстанда темекі шегушілер саны артып келеді, мысалы 2024 жылы 20,7%-ға жеткен.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
