Нұр-Cұлтанда сенбі күндері де сауда орталықтары істейтін болды
Нұр-сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева жаңа қаулыға қол қойды, оған сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтарына сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат етілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

СОО алаңына қарай толымдылығы 30 пайыздан аспауы тиіс. Жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгіленіп, жексенбі және мереке күндері жұмыстарына (оларда орналасқан дәріханалар мен тамақ өнімдерін сататын шағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) тыйым салу ұйымдастырылды.
"Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталған кезде сенбі күндері жұмысына тыйым салуды қамтамасыз ету", - делінген жаңа қаулыда.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге