Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай желідегілердің барлығын қазақ тілінде сөйлетудің амалын тапты

Нұртас Адамбай желіде кезекті жазбасын бөлісті. Аталған жазбасында ол қазақ тілін үйренудің оңтайлы тәсілін сөз етті.

17494390_862759387195928_5850272110336802816_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Менің «қазақ тілін білмейтіндерге күле қарағаннан, көмектесейік» деген бір ауыз сөзімді жай қалдырмаған жандарға ризамын. Өткендегі жазбаның соңында «Дұрыс! Міндетті түрде көмектесеміз!» деген пікірлер жазылды. Шыны керек, мынандай қолдаудан кейін ана тілімді білуге деген құлшынысым арта түсті. Шын жүректен қолдағандарыңа көп рахмет айтқым келеді! Мен мемлекеттік тілді білмейтін барша қазақстандықты оны үйренуге шақырамын! Барлығымыз да желіде отырып, жеке пікірлерімізді бөлісеміз. Қателеріңізден қысылмастан, жазбаларыңыздың барлығын дерлік қазақ тілінде жазыңыздар. Оны жақсырақ білетіндер міндетті түрде сізге көмектеседі. Мұны басымнан өткеннен кейін ғана айтып отырмын.

0рнп

Сіздің жанды жеріңізге тиіп, ренжіткісі келгендерге назар аудармаңыз. Аяқтан шалатын адамдар міндетті түрде табылады. Бастысы, олар мейірімді жандарға қарағанда көп емес! Көбіміздің арнайы курстарға баруға уақытымыз бола бермейді. Олай болса, желіге тәуелдігімізді ұтымды пайдаланайық! Қазіргі таңда Kaz Dictionary сынды түрлі аудармалар бар. Олар өте ыңғайлы әрі керек сөзіңізді бірден тауып береді. Ең қарапайым «Қайырлы таң» сөзінен бастаңыз. Ары қарай барлығы өздігінен жүзеге асатын болады. Барлықтарыңызға бейбітшілік пен мейірімділік тіледім!» – дейді Нұртас Адамбай.

0ждло

Желідегілердің барлығы дерлік Адамбайдың сөзін қоштай түсті. «Ризамын сізге ұмытылып бара жатқан тілімізді қолдап, насихаттап жатқаныңызға. Қазағымыздың жігіттері сіздей болсын! Ана тілімізді ұмытпай, сақтап, дамытуымыз керек. Бір бірімізге көмектесейік үйренетін адамға», «Дұрыс айтасыз! Сіздің киноларыңыз бен өзіңізді ерекше сыйлаймын», «Жарайсыз! Тек қана алға», «Қазақ үшін ана тілін білмеуі керек проблема деп ойламаймын. Оның үстіне қазақ тілі тым оңай. Бір айдың ішінде жақсылап меңгеріп алуға болады» деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Алматылық бүлдіршін Ресейдегі ән байқауының финалына жолдама алды

Жігер Ауыпбаевтың сәләфит болып кеткені рас па?

Димаш тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантпақ (видео)

Turkvision 2017 жылы Қазақстанда өтетін болды

Талқылау