Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантпақ (видео)

Димаш Құдайбергенов тыңдармандарына жуырда жаңа бейнебаян ұсынбақ.

17587070_821050941382530_3861941134074839040_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше сағат бұрын Димаш Құдайбергенов желі арқылы жаңалығын бөлісті. Ол жуырда тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантпақ. «Жуырда жаңа ән – жаңа фильм.  BattleOfMemories әніне саундтрек күтіңіздер! 06/04/2017 жаңа бейнебаян!» – деп жазады ол тизердің тұсына.

Аталған бір минуттың видеоны 81 мыңнан астам көріп үлгерген екен. Әдеттегідей бірнеше тілде пікір жазылған. «Асыға күтіп жүрмін! Күнде жұмыстан кейін Димаштың өлеңдерін тыңдаймын. «Қарағым-ай», «Көркемім», «Аяулым» сынды әндерін қайталап тыңдай беруге болады. Оның үстіне қытайлықтар тамаша бейнебаян түсірген екен», «Даусыңа сөз жоқ», «Қандай орын алсаң да, біз үшін осының өзі үлкен жеңіс болмақ», «Димаш, тіл-көзден аман бол!» деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Turkvision 2017 жылы Қазақстанда өтетін болды

БАҚ-та Брэд Питтің арықтап, жүдеп кеткен суреті пайда болды (фото)

Әшімов: Экраннан ашық көрсетілетін төсек қатынастарын заңмен шектеу керек

Желі қолданушылары Димаштың «егізін» тауып берді (фото)

Талқылау