"+40 градусқа дейін ыстық": Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 30, 31 мамыр және 1 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде ел аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Найзағайлы жаңбыр болжанды.
"30–31 мамыр күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел болады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз, негізінен ашық ауа райы сақталады", – деп хабарлады метеорологтар.

Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауылдар болуы мүмкін.
Қазақстан бойынша ауа температурасы күндіз:
- батыста +20, +25 градусқа дейін;
- солтүстікте, шығыста және орталықта +23, +38 градусқа дейін;
- ал оңтүстікте +30, +40 градусқа дейін көтеріледі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар