Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нөмірі көрініп тұр": Көбейтұз көліне джиппен кіріп кеткен көлік жүргізушісі халықтың наразылығын тудырды

Әлеуметтік желілерде джип көлігінің Көбейтұз көліне кіріп кеткен фотосуреті таралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтар көлік жүргізушісін тауып, оны жазалауды талап етеді. Ақмола облысының полиция басқармасында оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланған.


Көбейтұз көлінен тұз бен батпақ алып, сатқандар жауапкершілікке тартылады


"Нөмірі көрініп тұр ғой, не іздейтіні бар", "Оған бәрібір ештеңе болмайды, әдеттегідей байдың баласы", "Осындай табиғат кереметін қорланып жатқанда 30 дамыған елдің қатарына кіру туралы қалай айтуға болады?", - десті желі қолданушылары.

20 шілдеде қызғылт көл туристердің онда ағылып келуіне байланысты жабылып қалды. Сол күні көлге Экология министрілігінің өкілдері келген болатын. Шелектеп көлден тұз жинаған адамдардың көлге зиян келтіргені белгілі болды.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде коронавирусты емдейді деген себеппен елорда маңындағы қызғылт Көбейтұз көлінің тұзын сатып жатқандығы хабарланған.

Талқылау