Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көбейтұз көлінен тұз бен батпақ алып, сатқандар жауапкершілікке тартылады

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Көбейтұзды қорғау үшін қандай шара қолданылатындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осы аумақта әр апта сайын көлдің айналасын тазартамыз, өйткені демалушылар қоқыстарын жинамай, осында қалдырып кетеді. Көптеген адам көлді көру үшін Нұр-Сұлтаннан, Павлодардан, Қарағандыдан келеді. Біз табиғатты, байлығымызды қорғау үшін еріктілерді тартамыз. Олар барлық қоқысты сөмкелерге жинайды. Одан кейін көліктермен полигонға апарады. Кеше полиция қызметкерлері 33-ке жуық әкімшілік сипаттағы заң бұзушылықты анықтады. Біреу от жағып, біреу қоқыс тастайды, алкогольдік ішімдік ішкендер де болды. Өздеріңіз білесіздер, пандемия кезінде бұл көлге баруға тыйым салынды. Үш мобильді топ, жедел штаб және мобильді патруль құрдық. Олардың барлығы қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған", - дейді Ерейментау ауданы әкімі Абай Әлжанов арнайы ұйымдастырылған баспасөз туры барысында.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасовтың сөзінше, көлдің маңында бірнеше полиция желілері орналасқан.

"Бұл - уақытша шешім. Енді экологиялық сектормен бірге біз табиғи ресурстарды тұз және саз түрінде алып жүрген барлық бұзушыларды ұстаймыз және айыппұл саламыз. Екінші проблема - бұл жерге адамдардың жаппай жиналуы. Арнайы инфрақұрылым жоқ, айнала толы қоқыстар. Бұл мәселенің шешімі бос уақытты және демалысты ұйымдастыратын жеке тұлғалар үшін демалыс аймағын қамтамасыз етуден тұрады. Шын мәнінде, бұл өте ерекше және әдемі жер, бәрін, тіпті шетелдік туристерді де қызықтырады. Бірнеше жыл бойы көл қызғылт түске боялуы ерекше табиғи құбылыс", - дейді ол.

Сондай-ақ, ертең инспекторлар мен полиция қызметкерлері қызғылт көлді бақылауға жіберілетінін айтты. Осылайша, тұз алып жүрген адамдарды ұстайтын болады.

Ал, санитарлық қызмет судың сынамасын алды. Көлден ешқандай зиян нәрсе анықталған жоқ. Тұзда жоғары концентрация бар. Бұл суды қолдануға болмайды. Экологтар көлдің құрамын одан әрі талдау үшін тұнба шөгінділерін алды.

"Біз тұз алғандарды, қоқыс тастағандарды ұстаймыз, айыппұл саламыз, өйткені бұл табиғи ресурстар. Су айдыны болғандықтан, ереже бұзуға болмайды. Біз санкция шараларын қабылдауымыз керек, дұрыс емес демалуды тоқтатуымыз керек. Тұз үшін айыппұл қанша мөлшерде алғанына байланысты, ал қоқыс тастағаны үшін жеке және заңды тұлғаға айыппұл мөлшері 5 АЕК және одан жоғары болады. Жалпы Нұр-Сұлтанға жақын жерде адамдар демалатын көптеген көл мен өзен бар. Бұл үлкен проблема. Өткен жылы біз Қоянды көліне барып, оны тазартуға тырыстық, алайда бір аптадан баяғы қалпына қайта келді. Жаңа Кодексте біз қоқыс тастағандарға салынатын айыппұл мөлшерін көбейтуді көздейміз. Бүгін біз елорданың айналасындағы қоқыстарға бардық. Мысалы, полиция бізді алкоголь ішпеуге, қоғамдық орындарда темекі шекпеуге мәжбүрлейді. Бұл механизмдер жұмыс істейді, сондықтан біз де экологияға қатысты осындай шараларды қабылдай беретін боламыз", - деді комитет төрағасы.

Төрағаның  айтуынша, Көбейтұз көлі күзетілетін жерге жатпайды. Қабылданған шешімдердің бірі - көлде демалысты ұйымдастыруға жауапты жеке кәсіпорынды анықтау. Зулфухар Жолдасов дұрыс демалуды қадағалайтын адам болғаны жақсы дейді.

"Біз еріктілерді тартамыз. Қазір біз көпшілікті халықтың өзімен жұмыс жасауға, не мүмкін, не мүмкін емес екенін түсіндіруге тартамыз. Жұма күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі сенім телефоны жұмыс істейтіндігін мәлімдеді. Ол вице-министрге бекітілді. Тұрғындар кез келген экологиялық бұзушылықтарды тіркеп, бізге жібере алады. Жұмадан дүйсенбіге дейін 250 хабарлама алдық", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде коронавирусты емдейді деген себеппен елорда маңындағы қызғылт Көбейтұз көлінің тұзын сатып жатқандығын айтқан едік.

Талқылау