Астанада ірі өрт шығып, автокөліктер мен қонақүйге жайылды (видео)
Видеодан скрин
Астанадағы Сарыарқа ауданында, Бекетай көшесіндегі ғимараттардың бірінде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер екі қабатты ғимараттың гаражында екі автокөлік өртеніп жатқаны анықтаған. От ғимараттың жанында орналасқан төрт қабатты қонақүйдің шатырына дейін тараған.
"12 адамды жалмаған Жетісай трагедиясынан сабақ": Үйді өрттен қорғаудың қарапайым тәсілі аталды
Оқиға орнында жедел штаб ашылып, 2 өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылған.
Сағат 21:45-те өрт оқшауланып, 22:00-де сөндірілді. Өрт 150 шаршы метр аумақты қамтыған.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған