Қазақстандықтар енді тіс емдеу үшін зейнетақы шегерімдерін қолдана алмайды
Фото: pixabay.com
Отбасы банкі 15 қыркүйектен бастап зейнетақы жинақтарының артығын стоматологиялық емге пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Банк enpf-otbasy.kz онлайн платформасында стоматологиялық қызметтерге төлем жасау үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану жөніндегі өтінімдерді қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді.
Ал осы күнге дейін берілген барлық өтінім жалпы тәртіппен қаралып, өңделеді.
-
Тұрғылықты жерін ауыстырған азаматтарға зейнетақы төлеу уақытша тоқтатылады
-
"Зейнетақы жинақтары төмен болып отыр": Тоқаев үкіметке жаңа тапсырма берді
Қаржы ұйымы зейнетақы жинақтарының артығын стоматологиялық емге пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдау қайта басталған жағдайда, бұл туралы қосымша хабарланатынын нақтылады.
Стоматологиялық қызметтер үшін БЗТ-ны пайдалануды жоспарлап отырған азаматтар өтінімдерін 15 қыркүйекке дейін беруі қажет.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың "тіс емдету" үшін зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге шешкенін хабарлаған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты