Қазақстан мен Қытай шекарасында наурыздағы мереке күндері өткізу пункттері жұмыс істемейді
Қазақстан мен Қытай шекарасында 8 наурыз бен 21-23 наурыз аралығында мерекеге байланысты өткізу пункттері жұмыс істемейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: bangkokbook.ru
Мемлекеттік кірістер комитеті биыл 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күні" мен 21-23 наурыз аралығында "Наурыз мейрамын" мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын мәлімдеді.
Ал Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
"Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деді ведомство.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады