Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев судьяға телефонының құпиясөзін айтпай қойды

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы жалғасып жатыр. Қуандық Бишімбаев дәлел ретінде тексеру үшін телефонының құпиясөзін айтудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тікелей эфирден скриншот

Сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың, айыпталушы Байжановтың, тіпті куәгерлердің телефондары тексеріліп, хаттары оқылды. Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаттары Нүкенованың телефонында кейбір деректер өшірілгенін мәлімдеді. 

Алайда Бишімбаев тергеуге де, енді сотқа да құпиясөзді айтудан бас тартты.

“Мен құпиясөзді тек өз адвокаттарыма айтамын. Олар сізге қажет материалдарды көрсетеді. Мен жеке дерегімді көрсетпеймін”, – деді айыпталушы.

Судья құпиясөзді қағазға жазып беруін талап етті. Десе де Бишімбаев өз сөзінде қалды. Онда судья іс әрі қарай жүретінін мәлімдеді. 

Бұған дейін Бишімбаевтың туысы Байжанов көмек сұрап қоңырау шалған дәрігер сотта куәгер болды. Cонымен қатар вип бөлмеде Салтанат Нүкенованың саусақ іздері табылмағаны белгілі болды. Содан соң үй тазалаушы қызметкер олардың үйіндегі қанның фотосын Байжановқа жіберіпті. 

Еске салайық, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Талқылау