17 жыл бұрын суға түсіп кеткен неке жүзігі иесін тапты
Канадада 17 жыл бұрын арыққа түсіп кеткен неке жүзігі иесіне қайтарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

UPI порталының мәліметінше, Канаданың батысындағы Пентиктон каналында жүзгіш қос ғашықтың есімдері жазылған неке жүзігін тауып алған. Ол Стефани және Ноэль деген есімдер ойып жазылған жүзіктің иесін интернет арқылы таппақ болады.
Көп ұзамай бұл жаңалық жергілікті арналарда пайда болған көрінеді. Ақпаратты Ноэльдің қайын атасы көріп, шұғыл түрде күйеу баласына хабарласқан.
Ең қызығы, ерлі-зайыптылар үш жылдан кейін үйленгендерінің 20 жылдығын тойлайды екен. Ер азаматтың айтуынша, ол неке жүзігін достарымен бірге саяхаттап жүргенде түсіріп алған. Бұйым ұзақ уақыт суда жатқанына қарамастан, еш бүлінбеген сыңайлы.
Еске салсақ, бұған дейін 10 ай бойы өзенде жатып, істен шықпаған ұялы телефон иесіне қайтарылғаны айтылған еді.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді