Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 ай бойы өзенде жатып, істен шықпаған ұялы телефон иесіне қайтарылды

Ұлыбританияда сауық кешінде суға түсіп кеткен iPhone он айдан кейін иесіне қайтарылды. Ең қызығы, смартфон істен шықпаған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

айфон

Мигель Пачеко Глостершир штатындағы Уай өзенінде отбасымен каноэмен жүзіп жүрген кезінде судан ұялы телефон тауып алып, оны кептіру үшін үйіне алып кеткен. 

"Мен бұл телефон жұмыс істейді деп ойламадым, себебі оның іші суға толы еді", – дейді ер азамат.

Ол құрылғыны ауа компрессорымен кептіріп, қуаттағышқа қосқан. Британиялық азамат iPhone-ның жұмыс істеп тұрғанын көріп, таңғалған.

Пачеко телефонның суретін әлеуметтік желіде жариялапты, онда ер мен әйелдің суреті болған көрінеді. Желі қолданушылары жазбаны таратып, ақыры смартфонның иесін тапқан. Ол Шотландияның Эдинбург қаласының тұрғыны Оуэн Дэвис болып шықты.



Телефон иесі сауық кешінде каноэмен жүзіп жүрген шағында өзенге түсіріп алғанын айтады.

"Біз екі орындық каноэмен жүзген едік. Сол кезде менің жанымдағы адам орнынан тұрып қалғанда, біз суға құлап кеттік. Телефоным артқы қалтамда болған еді. Суға құлап кеткенде мен оны түсіріп алғанымды білдім”, – дейді Дэвис. 

Ер азамат смартфонын қайтарған Пачекоға алғысын жаудырды. 

“Шыны керек, егер мен телефонды тауып алсам, оны ауа компрессорымен кептіріп, әуреге түспейтін едім”, – деп қосты ол. 

Талқылау