Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайрат жазасын өтеп жатқан түрмеде еден жуушы болып жүр

сотталған
Фото: Instagram @01pk

Қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат қазір жазасын өтеп жатқан мекемеде еден жуушы болып жұмыс істеп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева әзірге жұмысқа орналастырылмаған.

Құзырлы орган Перизат Қайраттың еңбекақысы мен жұмыс кестесі туралы ақпарат беруден бас тартты. Комитет оның сот үкіміне сәйкес жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп жатқанын хабарлады. Қазір ол мекемеде еден жуушы міндетін атқарады екен. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сотталғандардың қай мекемеде жазасын өтеп жатқаны туралы ақпарат олардың жақын туыстарына хабарланады.

Еске салсақ, Biz Birgemiz Qazaqstan қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жиналған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ақшаның бір бөлігін элиталық жылжымайтын мүлік, автокөлік сатып алуға және туристік сапарларға жұмсаған.

Сонымен қатар тергеу деректеріне сәйкес, Перизат Қайрат қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін достары мен туыстарын тартып, олардың “қызметі” үшін сыйақы төлеп отырған.

Перизат Қайрат өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол тағылған айыптарды “прокурорлардың қиялы” деп атап, қордың құрылтайшыларын жауап алуға шақыруды талап еткен.

Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 03 Қараша, 2026 08:32