Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда егде жастағы жолаушы автобус валидаторын ұрлап кеткен

Оралда егде жастағы жолаушының автобус валидаторын ұрлағаны камераға түсіп қалған. Автопарк әкімшілігі әзірге құқық қорғау органдарына жүгінген жоқ және техниканы қайтаруды сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 29 маусым күні сағат 14:30 шамасында 22-автобустың "Медициналық колледж" бағытының аялдамасында болған. “Батыс Қазақстан автобус паркі” бас директорының орынбасары Данияр Мұхтаровтың айтуынша, кондуктор валидаторды орындықтардың біріне қойып қойған.  Ал мұны көген жолаушы жанындағы орындыққа отырып, пакетпен құрылғыны жауып сөмкесіне салып алған. Ұрлық болған сәт автобустың салонында орнатылған бақылау камерасына түсіп қалған.

"Әйел егде жаста болғандықтан, мұны айтуға ұялдық. Бірақ біз одан валидаторды қайтаруын сұраймыз, әйтпесе құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр боламыз. Оны біздің автопарктің кез келген жүргізушісі немесе кондукторы арқылы бере алады. Бұл валидатор, телефон емес, планшет емес, ол оны пайдалана алмайды, тек жол ақысын төлеуге арналған. Мүмкін әйел телефон деп ойлап, абайсызда алып кеткен шығар", - деді Данияр Мұхтаров. 

Валидатор табылмаса, залалды 22-маршруттың кондукторы өтейді. Техниканың құны 160 000 теңге.

Талқылау