Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір-бірін қатты сағынған: Қайрат пен Жұлдыздың биі желіде талқыға түсті (видео)

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қайта бас қосты. Ұзақ уақыттан соң жұбы жарасқан өнер өкілдеріне ел қызыға қарады. Олардың оңаша биі көптің қызу талқысында. 

Әншінің інісі Заңғар Нұртастың үйлену тойы дүркіреп өтті. Қуанышқа Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдікәрімова бірге келді. Той қонақтары мен ата-енесі, өнердегі әріптестері құтты болсын айтып жатыр. Қала берді желі қолданушыларының қуанышты екенін білдірді. 

Жұлдыз бен Қайрат тойда бірге билеп, көптің назарын аударды. Көпшілік жас жұбайлармен қатар қайта бас қосқан Қайрат пен Жұлдызды құттықтауда. 

“Әйелдің бақытты болуы үшін көп нәрсе керек емес қой?! Сол бір көңілді қалдырмаңдар, құрметті ер азаматтар”, “Көзді алмай қайта-қайта осыдарды қарап жатырмын, қуанып кеттім өзімнің тойыма келгендей. Жұлдыз ақылды, енді Қайрат сеннен ажырамайды”, “Жұлдыздың биі керемет, бақытты болыңдар”, “Айналайындар, бақытты болыңдаршы бірге болып”, – деп жазды желідегілер.

Қайрат Нұртас інісінің тойында бірнеше ән айтып, көптің көңілін көтерді.


Талқылау