AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үлкен қауіп төндірмейді": Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың Eta штаммы туралы айтты

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының классификациясы бойынша коронавирустың Eta штаммы үлкен қауіп төндірмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгінгі таңда ДДҰ классификациясы бойынша Eta штаммы алаңдаушылық білдіретін немесе үлкен қауіп төндіретін штамм болып саналмайды. Қазірдің өзінде ДДҰ әлемде анықталған жағдайлардың саны біртіндеп азайып келе жатқанын атап өтті. Жұқпалық қасиеті жоғары, көп мәселе қозғалатын коронавирустың дельта және британдық штаммдарымен салыстырғанда үлкен қауіп төндіре қоймайтыны дәлелденді”, – дейді ол. 

Еске салсақ, Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов “Eta" штаммы республиканың 4 аумағында – Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар областары және Нұр-Сұлтан қаласында анықталғанын айтқан болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша вирустың бұл түрі бақылауды қажет ететін штаммға жатады және оның клиникалық көрінісі "Альфа", "Бета" штаммдарына ұқсас болады. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр