AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас санитар дәрігер "Eta" штаммының қауіптілігі туралы мәлімдеді

Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы – "Eta" анықталды. КВИ-дің бұл түрі қаншалықты қауіпті және бұл штамм қай қалаларда тарап жатыр? Бұл сұраққа еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

коронавирус

"Eta" штаммы республиканың 4 аумағында – Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар областары және Нұр-Сұлтан қаласында анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша вирустың бұл түрі бақылауды қажет ететін штаммға жатады және оның клиникалық көрінісі "Альфа", "Бета" штаммдарына ұқсас болады, сондықтан барлық профилактикалық шараларды сақтау қажет”, – дейді Қиясов.

Сондай-ақ бас санитар коронавирустық штаммдар арасында қайсысының ең қауіпті екенін айтты. 

“Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының неғұрлым бақылауды қажет ететін 8 түрі бар, Қазақстанда оның төртеуі анықталды: британдық, онтүстікафрикалық, үндістандық және нигериялық штаммдар. Оның ішінен ұндістандық немесе "Дельта" штаммы Қазақстанда маусым айында анықталды және коронавирус инфекциясының басқа түрлеріне қарағанда неғұрлым ауыр өтеді және ағзаға тез тарап, барлық органдарды зақымдайды. Ал "Eta" штаммы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, мониторинг жүргізуді қажет ететін коронавирус инфекциясының бір түрі. Коронавирустың барлық түрі де адам денсаулығына әсер етіп, зиян тигізуі мүмкін, сондықтан аурудан кейін асқынуды болдырмау үшін дер кезінде коронавирус инфекциясына қарсы екпе алу қажет”, – дейді ол. 



Сонымен қатар Қиясов Қазақстанға осы уақытқа дейін қанша вакцина дозасы жеткізілгенін айта кетті.

“Жалпы 2021 жылғы ақпаннан бастап өңірлерге 16,7 млн астам вакцина дозасы жеткізілді, оның ішінде 8,6 млн доза – бірінші компонент және 8,1 млн доза – екінші компонент бар. Вакциналарды жеткізу тұрақты жүзеге асырылады, биылғы қазан айында "QazVac" вакцинасының 750 мың дозасын және "Спутник V" вакцинасының 877 мың дозасын жеткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта республика азаматтарына "Гам-КОВИД-Вак" (Спутник V), "QazVac", "Hayat-Vax", "КоронаВак" және "Синофарм" сынды бес түрлі вакцина қолжетімді. Барлық вакциналар бірдей қауіпсіз және бірдей тиімді”, – дейді бас санитар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр