Елімізде мектеп формасын алуға келген ата-аналар кезекте сағаттап күтуге мәжбүр
Алматыдағы мектеп формасын сататын дүкендердің алды ұзын сонар кезек. Ата-аналар балаларына киім алу үшін таңнан бері сауда орталықтарының алдын күзетуге мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Карантинге байланысты, дүкенге тек бірнеше ата-ананың кіруіне рұқсат етілген. Олар балаларына киім таңдап, сатып алғанша басқалар сыртта күтуге мәжбүр. Білім және ғылым министрлігі биыл оқушылар сабаққа мектеп формасымен қатар классикалық үлгідегі киіммен келсе болады деген еді. Алайда ата-аналар сонда да көк костюмді алу үшін осылай күтетіндерін айтады. Тіпті, кейбірінің кезекте тұрғанына 3 сағаттан асқан.
- Мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алу үшін базар аралаудың қажеті жоқ: Жаңа оқу жылына не керек
- Қазақстандағы жаңа оқу жылының мерзімі мен демалыс кестесі жарияланды
Еске салсақ, бұған дейін білім және ғылым министрі биыл жаңа оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кимеуге рұқсат берген болатын. Десек те ведомство басшысының бұл шешімі кәсіпкерлерге жақпаған сыңайлы. Олардың айтуларынша, тігіншілер осымен екінші жыл қатарынан шығынға батуда.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр