Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келер жылдан бастап ұлдарға да папиллома вирусына қарсы екпе салынбақ

папилломаға қарсы екпе
Фото: hightech.fm

11 жастағы ұлдарға папиллома вирусына қарсы екпе салынбақ Елімізде 11 жастағы ұл балаларға да папиллома вирусына қарсы екпе салынбақ. 2027 жылдан бастап пилот режимде іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елімізде папиллома вирусына  қарсы вакцинация 2024 жылдың қыркүйегінде басталған. Қазір ол тек 11-13 жастағы қыздарға егіледі. Өкпе обырын бастапқы сатыда анықтайтын су жаңа скрининг жүйесі де енгізілмек. Өйткені қазір қатерлі ісікке шалдыққандардың 70 пайызы дәрігерге ауруы әбден асқынғанда жүгінеді. Алдағы үш жылда осы кеселмен күресуге және медицина саласын оңалтуға бюджеттен 2,5 триллион теңге бөлінеді.

“Қаражат тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлеміне, дәрі-дәрмекпен қамтуға және медициналық сақтандыруға көзделген. Міндетіміз тек саланы қаржыландыру емес, аурудың алдын алу шарасын қабылдау, денсаулық саласының нақты көрсеткішін жақсарту”, – деді қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы.

Назархан Уән
Жұма, 18 Қыркүйек, 2026 08:16