Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сәтжан: Оның бұрынғы күйеуіне лайк басқаным үшін Әлия Исенова мені жезөкше деп атады

Динара Сәтжан блогер Әлия Исеновамен болған арадағы жанжал туралы айтты. Көпшіліктің көз алдында болған жанжалдың нүктесі қойылған. Тележүргізуші оның неден басталғанын ашып берді. 

Бұл туралы ORDA News арнасына берген сұхбатында айтты.

Динара Сәтжан вакцина алғанын айтып, екпе алудың маңыздылығы жайлы бірнеше рет айтқан еді. Алайда вакцинаға қарсы көзқарастағы блогер Әлия Исенова оны айыптап шықты. 

“Мен вакцина алдым. Ол туралы ашық жазып жүрмін. Менің шенеуніктермен кездесіп жүргенімді ол ақша алады деп ойлайды екен. Сол үшін жарнама жасайды деп ойлайды. Екеуміздің жанжалымызға нүкте қойылған. Ол менен кешірім сұрады. Бірақ тек өзімнен ғана сұрады. Негізі көпшілік алдында ренжіткен соң, жаман сөз айтқан соң, көпшілік алдында кешірім сұрауы керек еді. Ол маған Инстаграмын құлыптап тастағанын айтты. Рас-өтірігін білмедім. Ал оның мені жезөкше деп аузына келгенін айтқаны оның бұрынғы күйеуімен байланысты екен. Өзінің айтуынша, мен оның бұрынғы күйеуіне лайк басқаным үшін солай айтыпты. Ол менімен араласып, менің киімдерімді таныстырып жүрген, туған күндерімде болған адам. Сөйте тұра неге олай дегеніне таңғалдым”, – деді тележүргізуші. 


"Ол әдемі еді, оған көп қыздар ғашық болды, мен оның жүрісін көтере алмадым": Динара Сәтжан бірінші күйеуі жайлы


Динара Сәтжан өзіне жағымсыз пікір жазатындарға көп мән бермейді. Алайда егер ол танысы болса, міндетті түрде хабарласып, не кездесіп мән-жайды анықтауға тырысады.

“Егер ол мен танымайтын жай бір оқырман болса, оған мән бермеймін. Әркім небір сөз жаза береді. Ақпарат бір күн ғана өмір сүреді. Ел бір күн ғана сені сөз қылады. Сосын ұмытылады. Ол үшін көңіліңді түсірудің керегі жоқ. Олай әр нәрсеге ренжи берсе, адам өмір сүрмейді. Егер ол мен танитын не көпшілік танитын, менімен араласқан адам болса, онда оны жай қалдырмаймын”, – дейді Динара Сәтжан. 

Тележүргізуші үкімет мүшелерінен Ерлан Қарин, Берік Уәли, Аида Балаевамен жақын араласатынын айтты. 

“Бір-біріміздің үйімізге келіп қонақ болмаймыз. Бірақ кездесіп, шай-кофе ішіп, әңгіме айтамыз”, – деп қысқа қайырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр