Павлодарлық азамат жұмыс орнында тоққа түсіп, көз жұмды
Павлодарда желіні жөндеп жатқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің жұмысшысын тоқ соқты. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

7 шілде күні сағат 13:54-те Павлодар қаласындағы ЖШС-нің бірінің аумағында трансформатордағы жұмыстарды орындау кезінде 38 жастағы жұмысшыны тоқ соқты. Оқиға салдарынан ол сол жерде қайтыс болды. Сараптама тағайындалды.
Экструзиялық желі – трансформаторды қамтитын пластмассадан бөлшектерді (құбырлар, пластикалық пленкалар және басқа да бұйымдар) жасауға арналған жабдықтар жиынтығы.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған