Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог қиын жаттығуларсыз және диета ұстамай-ақ қалай арықтауға болатынын атады

Ресейлік диетолог дәрігер Елена Соломатина қиын жаттығулар мен диетасыз артық салмақтан арылудың жолдарын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерняя Москва" басылымына сілтеме жасап.

семізді

Маманның сөзінше, семіздіктен үш-төрт айда арылу үшін бірнеше ережелерді естен шығармаған жөн. Бірінші кезекте қалыпты ұйқыға көңіл бөлу керек, дейді диетолог. Себебі арықтауға ықпал ететін соматотропин гормоны түн ортасында, яғни қатты ұйқыға кеткен кезде бөлінеді екен. Сондықтан арықтағысы келіп жүрген адамдарға түнгі 23:30-ға дейін ұйықтап қалған дұрыс екен. 

Соломатина артық салмақтан арылу үшін тамақтан біржолата бас тартып, қиын диеталарды сақтаудың қажеті жоқ дейді. Оның орнына тез сіңетін ақуыздарға, қуырылған еттің орнына қайнатылғанға, майлы малдардың етін жеуден гөрі құс еті мен балық тұтынуға көшуге кеңес береді. Дәрігер мал етін аптасына тек екі рет жеу керектігін айтады. Бұған қоса, ол арықтауға көкөністер мен көк шөптер көмектесетінін алға тартты. 

Ағзадағы зат алмасу үрдісін жиілетіп, майдан арылуға бұрыш, сарымсақ пен зімбірдің пайдасы мол көрінеді. Ал егер коктейль жасап ішкіңіз келсе, қияр, зімбір және лаймды араластырып пайдалануға болады. Сонымен қатар, қантсыз көк шай да арықтауға септігін тигізе екен. 

"Арықтар кезде судың жеткілікті мөлшерін ішіп тұруды ұмытпаңыз. Күніне салмағыңыздың бір килограммына сәйкес 30 милилитр су ішу қажет. Бұдан бөлек, күніне 5 рет жеңіл-желпі тамақтанып тұрған жөн. Ал қарныңыз ашатын болса, көкөністер мен жидектер тұтынған жөн. Көмірсулардан аулақ болыңыз, себебі олар глюказа мөлшерін көбейтіп, салмақ көбейтуге ықпал етеді", - деді Соломатина. 

Тағы бір айта кетерлігі, кешкі асты ұйқыға жатпас бұрын 3-4 сағат бұрын ішу қажет. Мұнымен бірге, арықтағыңыз келсе, газдалған сусындар, майлы тіскебасар мен фастфудтан біржола бас тарту керек, дейді маман. Бастысы алдыға мақсат қойып, оны ұмытпау керек деген диетолог аз уақыт ішінде арықтауға болатынын сөз етті. 

Талқылау