Соңғы жаңалықтар

"Ерте ме, кеш пе теңге тұрақтанады": Мемлекет басшысы валюта бағамы туралы сөз қозғады

Теңге бағамы ерте ме, кеш пе тұрақтанады, бұл үшін валюта нарығындағы заңсыз іс-әрекеттерді болдырмау бойынша шаралар қабылданып жатыр, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев

"Басқа елдердің валюталарымен қатар біздің теңгеміздің де құны кеміп кеткені рас. Осыған орай, Үкімет пен Ұлттық банк жағдайды тұрақтандыру үшін нақты шаралар қабылдады. Мен квазимемлекеттік секторға экспорттан түсетін табыстың бір бөлігін ішкі нарықта сатуды тапсырдым. Сондай-ақ олар шетел валютасындағы депозиттерін еліміздің қаржы жүйесіне қайтаруда. Бұл қа­ражат нақты жобаларға жұмсалады. Осы және басқа да шаралар доллар тап­шы­­лығын болдырмау үшін жасалып отыр", - деді "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы нарықтық экономика жағдайында бұл проблеманы шешу оңай емес екенін мойындады. Сонымен қатар, елдегі шетел валютасының көп бөлігі шикізатты сатудан түсетіні ешкімге құпия емес.

Оның пікірінше, "ерте ме, кеш пе теңге тұрақтанады".

 "Бірақ бұған сыртқы факторлар әсер етпей қоймайды. Теңгенің долларға қатысты бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынымның азды-көптігіне қарай түзелетіні белгілі. Сондықтан құзырлы органдар валюта нарығына қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесетін болады", - деді президент.

Сонымен қатар, оның сөзінше, алдағы уақытта Ұлттық банк теңгенің еркін бағамы қағидатын ұстанып, Үкіметпен бірлескен жұмысын жалғастырады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр