Коронавирустың тағы бір өзгеше белгісі айтылды
Коронавирус инфекциясын жұқтырған кейбір Қытай азаматтарында неврологиялық белгілер пайда болды. Бұл туралы бір топ қытай ғалымдары JAMA Neuology-де жарияланған зерттеу барысында мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Известияға» сілтеме жасап.

Мамандар коронавирустың таралу ошағы болған қытайлық Ухань қаласының COVID-19-ды жұқтырған 214 тұрғынының жағдайы туралы мәліметтерді зерттеді.
Жалпы алғанда 36 пайыз және жағдай ауыр науқастардың 46 пайызында қозғалыстары мен сөйлеуінде ауытқу пайда болып, миының қан айналымы бұзылған, естен тану мен бұлшықет әлсіздігі байқалған.
Сонымен бірге науқастарда бұрыннан белгілі коронавирустың белгілері, атап айтқанда, жөтел, бас ауруы және қызу көтерілу сияқты симптомдар да болған.
Осыған дейін ресейлік ғалымдар коронавирус тудыратын патоген қан-ми тосқауылына еніп, ми тінін жоюға қабілетті екенін ескерткен.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған